Әрбір шығарылымның сюжеті белгілі бір жұмбақ/құпияның айналасында өрбиді, және экспедиция аясында жасырылған сырды ашуға тырысамыз. Экспедиция қатысушылары әрдайым түрлі экстремалды бөгеттерге тап болып, қиын жағдайларда аман қалудың амалдарын іздестіреді. Бүтін бағдарлама легі ежелгі және заманауи Ұлы Жібек жолының нысандарына байланысты болады

 

Бүгінгі бағдарламада:

Генетикалық зерттеулерге жүгінсек, Жетісу Алатауы тауының бөктерінде өсетін Сиверс алмасы әлемдегі барлық алма атаулының түп атасы саналады. Болжам бойынша, Адам Ата мен Хауа ана осы жердің алмасын жеген болуы мүмкін. Жетісу Алатауына саяхаттаған түсірілім тобы, көрерменге Жоңғар Алатауы тауының тарихи және табиғи нысандарын кеңінен таныстыратын болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар