Әрбір шығарылымның сюжеті белгілі бір жұмбақ/құпияның айналасында өрбиді, және экспедиция аясында жасырылған сырды ашуға тырысамыз. Экспедиция қатысушылары әрдайым түрлі экстремалды бөгеттерге тап болып, қиын жағдайларда аман қалудың амалдарын іздестіреді. Бүтін бағдарлама легі ежелгі және заманауи Ұлы Жібек жолының нысандарына байланысты болады

 

Бүгінгі бағдарламада:
Солтүстік Тянь-Шаньға саяхат.

Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматы қаласы Солтүстік Тянь-Шань тау жүйесіне енетін Іле Алатауы тауының бөктерінде орын тепкен. «Сырға толы сапарлар» телеэкспедициясының мүшелері, Түрген шатқалы арқылы Іле Алатауы тауының негізгі жиектерін кесіп өтеді. Жолай, Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің аумағындағы сақ дәуірінен жеткен қорғандардың сырына үңілмек. Одан әрі Шелек жазығына бағытын бұрады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар