Бағдарлама әлем мен Қазақстан жаңалықтарын біріктіріп, өзекті fashion-тренд пен стиль жөнінде ақпарат береді. Сән апталықтарынан шолу, жеке көрсетілімдерден, көрмелерден репортаж жасап, дизайнерлердің шығармашылықтары және киім өндірісіндегі жаңалықтар бойынша мәлімет береді. Ал ең бастысы, Қазақстан сән индустриясының тыныс-тіршілігі, отандық дизайнерлермен сұхбат арқылы олардың жетістіктері мен басынан кешкен қиындықтары жөнінде сюжеттер жасайды.

Бүгінгі бағдарламада:

Күздің сәнді аруы қандай? Отандық модельерлерден 4 әртүрлі образдар.
Жеке меншік дизайнер – әйгілі қазақстандық бойзбенд қай модельерден киінеді?
Және – біздің fashion- шеберлердің «итальяндық демалысы». Миландық сән көрмесіне қатысып келген, Леонид Жеребцов, Айгүл Қасымова мен Ольга Ким әсерлерімен бөліспек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар