Бағдарлама әлем мен Қазақстан жаңалықтарын біріктіріп, өзекті fashion-тренд пен стиль жөнінде ақпарат береді. Сән апталықтарынан шолу, жеке көрсетілімдерден, көрмелерден репортаж жасап, дизайнерлердің шығармашылықтары және киім өндірісіндегі жаңалықтар бойынша мәлімет береді. Ал ең бастысы, Қазақстан сән индустриясының тыныс-тіршілігі, отандық дизайнерлермен сұхбат арқылы олардың жетістіктері мен басынан кешкен қиындықтары жөнінде сюжеттер жасайды.

Бүгінгі бағдарламада:

Дизайнер Аяжан Жаксыбай достарын бір ортаға жинады! «AIKA ALEMI & FRIENDS» жобасындағы отандық модельерлердің топтамаларына назар аударайық.
Жұмсақ сән – қазақстандық дизайнер Бану Бабаеваның кашемирден жасалынған бұйымдарын тамашалайық.
Және – киімдегі суреттер! Әдемі свитшоттар мен көйлектерді кім жасайтынын білейік.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар