Бағдарламада Қазақстанды американдық журналист Деннис Кинның көзқарасымен жаңа қырынан танып біле аласыздар. Оған заманауи Қазақстанның  мәдениеті, табиғаты, адамдар, бәрі де қызықты. Ол өз күшімен киіз үй тігіп, ұлттық тағамдарымызды жасап, қой бағып көргісі келеді. Әр жолы қазақстандықтармен танысқан сайын, мәдени шараларды тамашалай, тарихи ескерткіштер, спорттық жарыстар, тіпті шығыс базарын аралай жүріп, көрермендермен түйген ойын бөліседі.

Бүгінгі бағдарламада:

Батыс Қазақстан өңірі, Ресеймен шекаралас жатқан Орал қаласы. Бұл өңірде бірнеше ұлттар өмір сүреді және осы жақын арада Орал  қаласының қақ ортасынан түрлі ұлттарды біріктіретін ұйым  Қазақстан Халық Ассамблеясы ашылды. Мұнда 17 этникалық топ бар және  топтардың әр қайсысының өз өкілеттілігі бар. Бағдарламаның бүгінгі саны  Батыс Қазақстанда кең тараған диаспоралардың бірі татар халқына арналады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар