Бағдарлама әлем мен Қазақстан жаңалықтарын біріктіріп, өзекті fashion-тренд пен стиль жөнінде ақпарат береді. Сән апталықтарынан шолу, жеке көрсетілімдерден, көрмелерден репортаж жасап, дизайнерлердің шығармашылықтары және киім өндірісіндегі жаңалықтар бойынша мәлімет береді. Ал ең бастысы, Қазақстан сән индустриясының тыныс-тіршілігі, отандық дизайнерлермен сұхбат арқылы олардың жетістіктері мен басынан кешкен қиындықтары жөнінде сюжеттер жасайды.

Бүгінгі бағдарламада:

Тарих – шабыттың қайнар көзі! Топтамасын ұлы сақ патшайымына арнаған зергер Дина Аринбассаровамен танысайық.
Қазақстандық сөмкелер: стильді, ерекше, бірегей. Таптырмайтын әйелдер аксессуарларын жасайтын отандық шеберлердің жұмыстарын тамашалайық.
Және – сәнді үйлесім! Қазақстандық модель Әсия Хамиттің киім таңдаудағы құпияларын білейік.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар