Бұл жобада бүгінгі заманда да әлемдік сахналарда өнер көрсетіп, төл мәдениетімізді дүние жүзіне танытып жатқан өнерпаздарымыз жайлы баяндайды Бағдарламада солар туралы сөз қозғалады. Сонымен қатар, қазіргі ұлттық музыкамызды жаңа стильге, түрлі аспаптарға салып орындау үрдісі кеңінен қалыптасты. Бағдарлама осы өнерді  насихаттауды мақсат тұтады.

Бүгінгі бағдарламада:

Музыка - тылсым әлем. Ол заман ағымымен бірге дамиды. Кешегі Арқадан салса, Жетісуге жететін дәстүрлі ән, Атыраудан шертсе, Қаратау мен Алтайды шарпитын дүлей күй де жаңарады. Ән де, әнші де өзгереді, бірақ халық байлығы саналатын музыкамыздың күре тамыры  ешқашан үзілмейді. "ST brothers" этно-джаз тобы  қазақ әнін жаңа бағытта орындап жүрген өнерпаздардың одағы. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар