«Modern Nomads» жобасы қазақ халқының әр түрлі әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің пайда болу тарихы жайлы баяндайды. Дәстүрлердің көпшілігі қызықты наным-сенімдер және аңыздармен байланысты болғандықтан, осындай жобалардың шетелдік аудитория тарапынан да қызығушылық тудыруы ғажап емес. 
 

Бүгінгі бағдарламада:

Қазақ даласы - Алтайдан Атырауға дейінгі  алып аймақ. Жердің кеңдігіне байланысты халықтың салт-дәстүрінде де өңірлік ерекшелік көп. Шоғырлы қоныстанбаған соң, кең жайлы отырған елдің салт-дәстүріндегі өзгешелік көзге ашық көрінеді. Бұл айырмашылықтар баланы бесікке бөлеуден бастап, қыз ұзатып, келін түсіру сияқты салт-дәстүрдің бәрінде кездесіп жатады. Бір ел, бір халықтың дәстүріндегі мұндай  ерекшелік ненің белгісі? Тарих ғылымдарының кандидаты осы саланы зерттеп жүрген маман Тәттігүл Қартаева мұны қазақтың бай дәстүрімен түсіндірді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар