Бейнелеу өнері – қиялға қанат байлап, шабытқа бөлейді. Шетелдіктер алыстағы ұлтты алдымен осындай мәдениеті, өнері және тарихы арқылы таниды. Өткен ғасырдың орта тұсында пайда болған үлкен шоғыр -  қазақ өнерін көз жетпес биікке сүйреді. Ә.Қастеев, С.Мәмбеев, Х.Наурызбаев сияқты тума таланттар әлемдік өнер сыншыларын еріксіз елең еткізді. Ұлттық колоритке қанық картиналар мен мүсіндер бірінен соң өмірге келіп жатты. Бағдарлама қазақтың біртуар қылқалам шеберлерінің еңбектерін кеңінен танытуға арналған.

Бағдарлама қонағы - Бағдат Сарсенбиев, қазақ бейнелеу өнерінде өзіндік қол таңбасын қалап келе жатқан  жас мүсіншілердің бірі. Жас та болса, тақырыптары терең, жұмыстарының композициялық шешімдері де тартымды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар