Бейнелеу өнері – қиялға қанат байлап, шабытқа бөлейді. Шетелдіктер алыстағы ұлтты алдымен осындай мәдениеті, өнері және тарихы арқылы таниды. Өткен ғасырдың орта тұсында пайда болған үлкен шоғыр -  қазақ өнерін көз жетпес биікке сүйреді. Ә.Қастеев, С.Мәмбеев, Х.Наурызбаев сияқты тума таланттар әлемдік өнер сыншыларын еріксіз елең еткізді. Ұлттық колоритке қанық картиналар мен мүсіндер бірінен соң өмірге келіп жатты. Бағдарлама қазақтың біртуар қылқалам шеберлерінің еңбектерін кеңінен танытуға арналған.

Бүгінгі бағдарламада:

Раушан Базарбаева қолданбалы сәндік өнер саласының білікті маманы һәм шебері. Жамбыл облысының тумасы. Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері және мәдениет қайраткері. 2013 жылы еліміздің үздік мұғалімі деп танылған, Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының сәндік қолданбалы өнер кафедрасының меңгерушісі.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар