Бағдарламада Қазақстанды американдық журналист Деннис Кинның көзқарасымен жаңа қырынан танып біле аласыздар. Оған заманауи Қазақстанның  мәдениеті, табиғаты, адамдар, бәрі де қызықты. Ол өз күшімен киіз үй тігіп, ұлттық тағамдарымызды жасап, қой бағып көргісі келеді. Әр жолы қазақстандықтармен танысқан сайын, мәдени шараларды тамашалай, тарихи ескерткіштер, спорттық жарыстар, тіпті шығыс базарын аралай жүріп, көрермендермен түйген ойын бөліседі.

Бүгінгі бағдарламада:
Өздерінің бақытты сәтімен бөліскісі келген Денис Кин мен қалыңдығының үйлену тойы қазақ дәстүрлері бойынша өтеді.  Қазақтың дәстүрлі үйлену тойы бірнеше бөліктен тұрады, соның біріншісі - құдалық. Құдалықта екі жақтың ата-анасы жиналып, бір-бірімен танысады. Болашақ некеге баталарын береді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар