Бағдарлама әлем мен Қазақстан жаңалықтарын біріктіріп, өзекті fashion-тренд пен стиль жөнінде ақпарат береді. Сән апталықтарынан шолу, жеке көрсетілімдерден, көрмелерден репортаж жасап, дизайнерлердің шығармашылықтары және киім өндірісіндегі жаңалықтар бойынша мәлімет береді. Ал ең бастысы, Қазақстан сән индустриясының тыныс-тіршілігі, отандық дизайнерлермен сұхбат арқылы олардың жетістіктері мен басынан кешкен қиындықтары жөнінде сюжеттер жасайды.

Бүгінгі бағдарламада:
Сәнді кино: Қазақстандық дизайнер Динара Нұрланның жаңа топтамасына қолдау  ретінде түсірілген қысқа метражды фильм. Жылдың ең сәнді трендіне айналған пижамалық стиль, оны модельер Зейнеп Рыспекованың жұмыстары арқылы  талқылайық және эксклюзивті  ескі заттар.  Қазақстанда винтажды заттарды жинайтын адаммен танысайық. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар