«Modern Nomads» жобасы қазақ халқының әр түрлі әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің пайда болу тарихы жайлы баяндайды. Дәстүрлердің көпшілігі қызықты наным-сенімдер және аңыздармен байланысты болғандықтан, осындай жобалардың шетелдік аудитория тарапынан да қызығушылық тудыруы ғажап емес. 
 

Бүгінгі бағдарламада:

Қазақтың салт-дәстүрі өмірдің театрландырылған көрінісі сияқты, түгелдей дәстүрге толы. Өмірге жаңа келген сәбиге шілдехана, бесік той жасалады. Одан кейін тұсау кесер, сүндет тойға ұласады. Ат жалын тартып мінсе бәсіре береді. Ер жеткенде отаулайды. Осының барлығы атаусыз өткізуге болмайтын салт-дәстүр. Бүгінгі бағдарламада қазақтың келін түсіру дәстүрі туралы толық баяндалады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар