Бағдарламада Қазақстанды американдық журналист Деннис Кинның көзқарасымен жаңа қырынан танып біле аласыздар. Оған заманауи Қазақстанның  мәдениеті, табиғаты, адамдар, бәрі де қызықты. Ол өз күшімен киіз үй тігіп, ұлттық тағамдарымызды жасап, қой бағып көргісі келеді. Әр жолы қазақстандықтармен танысқан сайын, мәдени шараларды тамашалай, тарихи ескерткіштер, спорттық жарыстар, тіпті шығыс базарын аралай жүріп, көрермендермен түйген ойын бөліседі.

Бүгінгі бағдарламада:

Оңтүстік Қазақстан өлкесінің тарихына шолуды  Шымкент қаласындағы  өлкетану мұражайынан бастаймыз, ал алдыда жүздеген жылдар бұрын Ұлы Жібек Жолының бойындағы мәдени орталық, сауда-саттық қаласы болған  көне Отырар қаласы күтуде. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар