Бағдарламада Қазақстанды американдық журналист Деннис Кинның көзқарасымен жаңа қырынан танып біле аласыздар. Оған заманауи Қазақстанның  мәдениеті, табиғаты, адамдар, бәрі де қызықты. Ол өз күшімен киіз үй тігіп, ұлттық тағамдарымызды жасап, қой бағып көргісі келеді. Әр жолы қазақстандықтармен танысқан сайын, мәдени шараларды тамашалай, тарихи ескерткіштер, спорттық жарыстар, тіпті шығыс базарын аралай жүріп, көрермендермен түйген ойын бөліседі.

Бүгінгі бағдарламада:

Оңтүстік Қазақстан табиғаты ерекше,  мұнда шөл, тау, жазық дала бар.  Жер астында елдегі ең дәмді минералды су қоры шоғырланған. Сондықтан мұнда туристтер тек қана табиғатпен тамсанып қана қоймай, шипалы сумен сауығу шараларынан өтеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар