Бұл жобада бүгінгі заманда да әлемдік сахналарда өнер көрсетіп, төл мәдениетімізді дүние жүзіне танытып жатқан өнерпаздарымыз жайлы баяндайды Бағдарламада солар туралы сөз қозғалады. Сонымен қатар, қазіргі ұлттық музыкамызды жаңа стильге, түрлі аспаптарға салып орындау үрдісі кеңінен қалыптасты. Бағдарлама осы өнерді  насихаттауды мақсат тұтады.

Бүгінгі бағдарламада:

Өнерді Ұлы дейміз, оның ұлылығы ұрпақты да, ұлтты да тәрбиелеуінде. Қазақтың бұрынғы әнші-күйшілері  баланы өнерге қызықтыру үшін әр түрлі амал жасаған. Ортеке күйі -  соның бірі. Ортекені ойнату арқылы жас баланы күйге үйретіп, домбыраға қызықтырады. Қобызшы Мөлдір Ерболқызы ортекенің сарынымен қоңыр аюға тіл бітірген. Қобыздан аюдың даусы анық естіледі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар