Бағдарлама әлем мен Қазақстан жаңалықтарын біріктіріп, өзекті fashion-тренд пен стиль жөнінде ақпарат береді. Сән апталықтарынан шолу, жеке көрсетілімдерден, көрмелерден репортаж жасап, дизайнерлердің шығармашылықтары және киім өндірісіндегі жаңалықтар бойынша мәлімет береді. Ал ең бастысы, Қазақстан сән индустриясының тыныс-тіршілігі, отандық дизайнерлермен сұхбат арқылы олардың жетістіктері мен басынан кешкен қиындықтары жөнінде сюжеттер жасайды.

Бүгінгі бағдарламада:
1. Сәнді мамандықтар: Катрин Гольцман табысқа қалай жеткенін және модельдік бизнес жайлы баяндап бермек;
2. Фотограф Олег Зуев фэшн-суреттердің қыр-сырын көрсетпек;
3. Ал мэйк-ап стилист Мира Дүрбелтаева бьюти-индустриядағы соңғы трендтермен бөліспек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар