Бағдарлама әлем мен Қазақстан жаңалықтарын біріктіріп, өзекті fashion-тренд пен стиль жөнінде ақпарат береді. Сән апталықтарынан шолу, жеке көрсетілімдерден, көрмелерден репортаж жасап, дизайнерлердің шығармашылықтары және киім өндірісіндегі жаңалықтар бойынша мәлімет береді. Ал ең бастысы, Қазақстан сән индустриясының тыныс-тіршілігі, отандық дизайнерлермен сұхбат арқылы олардың жетістіктері мен басынан кешкен қиындықтары жөнінде сюжеттер жасайды.

Бүгінгі бағдарламада:
1. Ерлар сәні- пиджак, галстук, аяқкиім, әмиян – серілер гардеробын құрайтын басты киімдерді таңдаймыз;
2. Итальяндық аяқ киімдер –енді ханымдарға аяқ киім жасауда: Moreschi бренді Қазақстанда әйелдерге арналған топтаманы ұсынды;
3. Және – «Жұлдызды жауынгерлер» сән әлемінде! 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар