Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап, бүкіләлемдік жаһандану жағдайында  бірқатар халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасты негізге ала отырып, сыртқы байланыстарды дамытудың сындарлы саясатын жасай алды. Осы бағытта көптеген саяси, экономикалық және әлеуметтік маңызы бар ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Бағдарлама Қазақстан мен халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық туралы баяндайды. 

Бүгінгі бағдарламада:
Алғашқы адамдардың дәуірінен бастап қоршаған орта бастапқы кейпінен айырыла бастаған. Қазір де сол үрдіс жалғасуда. Жер тұрғындарының табиғаттан талап етер сұраныстары артпаса кеміп жатқан жоқ. Ал табиғат шығындалған байлықтарын қалпына келтіріп үлгере алмай жатыр. Осы ретте, БҰҰ бұл мәселені өз қолына алуды ұйғарып, қоршаған ортаны қорғауға арналған – ЮНЕП бағдарламасын құрады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар