Аспаз Джио

Аспаз  Джио

Бірнеше тілді меңгерген керемет ресторатор, әйгілі шеф-повар Джорджио Палацци: «Қай елдің тұрғыны болсаң, сол халықтың тағамын дайындап, жеу керек», - деп санайды. Бүгінде ол қой етін маринадтап, жылқы етін жіліктеп әрі мүшелелеуді үйренген, ал қамыр жаюды, сондай-ақ, манты бүгіп, қазы жасаудың тәсілдерін асқан шеберлікпен орындайды. Осының барлығын өз фазендасында жасайды дегенге сенесіз бе?! Өзінің ептілігінің арқасында қазақтың ұлттық тағамдарының дәстүрлі қалпын бұзбай, эксперименттер жасап көреді, көрермендермен әртүрлі тамақ жасау тәсілдерімен бөліседі. Жоба, әсіресе, қыз-келіншектерге өте қызықты боларына сенімдіміз.

Соңғы бағдарламалар