Адамзаттың тарихы құпиялар мен жұмбақтарға толы. Ғылым мен техника қарқындап дамыған қазіргі шақта да, табиғат пен адам жаратылысы жайлы ғалымдар нақты жауап бере алмайтын сан салалы сұрақтар бар. «Тылсым дүние» жобасының түсірілім тобы ұзақ, қызығы мен шыжығы мол сапарға аттанып, сыр бүккен Қазақстан өңірлерін зерттейді. 

Алматы маңында орналасқан Қаскелең ауылының тұрғыны таңертең көшеге шығып, керемет көріністің куәсі болды. Әйел адам өзіне қарсы келе жатқан ең жоғары шіркеу қызметкері – патриархты байқайды. Мұндайды күтпеген келіншек бірден шоқынып, құдайға сыйына бастады. Сөйтіп, дін өкілін көзбен шығарып салып тұрған әйел,  оның артынан келе жатқан Иван Грозный патшаны көрген кезде, есінен танып құлайды... Байқұс әйел Қаскелең маңында кино түсіріліп жатқанын білмеген еді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер

Соңғы бағдарламалар