Бибінұр Смағұлованы  артта қалған совхоздың басшысы етіп сайлайды. Көп ұзамай, сол ауылдағы шаруашылық алдыңғы қатардан көрінеді. Уақыт өте келе Бибінұрдың да мінезі өзгере бастайды. Ол қатал да міншіл әйелге айналады. Отбасында кикілжің туады. Енді одан өзі басқарып отырған ұжым тұрмақ, күйеуі де теріс айналады. Басты рөлдерде - Меруерт Өтекешева, Қалампыр Айсанғалиева, Қамар Адамбаева.