Күн сақшылары

Күн сақшылары

     Жоба авторы - талантты жас режиссер Ахат Ыбыраев («Аңыз кітабы: Құпиялы орман», «Санжар мен Қайсар», «Нүркеновтер отбасы», «Айналайын»). Режиссер ретінде әйгілі Ли Страсберг театр және кино институтының (Нью-Йорк) түлегі Санжар Сұлтанов («Уақыт күтпейді», «Хакер») шақырылды. Сценарий авторлары - Валерия Плотникова мен Рустам Ниязов.

Ахат Ыбыраев кафелердің бірінде түскі ас ішіп отырған кезінде осы сериалдың идеясы туындаған екен. Ол тамаша оқиғаларға тап болып, ақырында қазына тауып алатын мейрамхана қызметкерлері туралы фильм түсіруді ұйғарады.

Сериалға Нұржан Тұтов, Аружан Жазылбекова, Артур Төлепов, Шаріп Серік, Рустем Жанаманов, Жұлдыз Маханова сияқты белгілі актерлер қатысқан.

Соңғы бағдарламалар

No results found.