Шевченко қаласынан келген дарынды бойжеткен Жібек консерваторияға түсуді армандап Алматыға келеді. Емтиханнан сүрінген талапкерді атақты сазгер Нұрғиса Тілендиев өзіне көмекші етіп алады.
«Хабар» агенттігінің тапсырысымен қазақтың біртуар дарынды тұлғасы, ұлы сазгер Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы туралы телехикая түсірілді. Көркем туынды атақты «Отырар сазы» оркестрінің құрылған сәтінен басталады. Картинада дарынды сазгердің қазақ музыкасын шыңға көтеруді мұрат еткен бастамасы өз шығармашылығымен қатар өрбиді. Фильм сазгердің бірегей музыкалық туындысымен аталады. «Құстар әні» ұлы музыканттың ғұмырбаянын суреттейді.