«Елбасы жолы» фильмінде Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен тағдыры жайлы, әсіресе балалық шағының бүгінгі заманауи балаларға қарағанда қызықтырақ өткені, кішкентайынан тентектік жасағанмен, болашағын сол кезден көздеген қазақтың қарапайым баласы жайлы, сондай-ақ, аяққа нық тұрып, ел басқаруға дейінгі жеткен бүгіндегі нәтижесі баяндалады. Кинокартинада Қазақстанның дамуына қосқан үлесі және  елдің көркеюі үшін жанын құрбан етіп, жасаған ерен еңбектері айтылады. Киноэпопеяда елбасының студенттік жылдары және болашақ қазақстандық өнеркәсіптің қалыптасуы кезеңдерінде басынан өткен оқиғалардың тұлғалық қасиеттеріне әсер етуі баяндалады. 
Әлем мойындаған кемеңгер тұлғаның өмірінде болған маңызды кезеңдерін баяндайтын биографиялық фильм.