Кинокартина Александр Пушкиннің «Станционный смотритель» повесі негізінде сценарий авторларымен біздің заманға бейімделіп, қазақ даласы мен Францияда түсірілген.

Шексіз, шетсіз далада, бәрінен ұмыт қалған кішкентай стансада, кішкентай бір үйде жол қараушы мен оның қызы Сәуле тұрады. Француз Этьен - саяхатшы жағымсыз жағдайға түсіп қалып, жападан жалғыз осы жерде қалып қояды. Этьен мен Сәуле достасып кетеді, кейін, күндердің күнінде, Сәуле әкесін тастап, алыс Еуропа еліне кетіп қалады. Ашулы Айдар, Сәуленің әкесі артынан қуғынға түседі.

Режиссер: Аманжол Айтуаров, Сатыбалды Нарымбетов
Сценарий авторлары: Одельша Агишев, Қуат Ахметов
Оператор: Хасанбек Қыдыралиев
Суретші: Владимир Арыскин
Композитор: Айдос Сағатов
Дауыс режиссері: Андрей Влазнев
Рөлдерде: Айжан Айтенова, Франсуа Лаббе, Арман Асенов, Нұржұман Ыхтымбаев, Төлеген Қуанышев,
Болат Қалымбетов.