Фильм Ф. Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» романының негізінде түсірілген. Фильм сценарийі заманауи Қазақстанға сай өзгертілген. Фильмнің басты кейіпкері, алматылық студент қала шетіндегі бір кәрі кемпірдің үйінде бір бөлме жалдап тұрады және жалғыздық пен ақшасыздықтан азап шегеді. Ол кедейлік атмосферасы мен адамдарды кедейлер мен байлар, күштілер мен әлсіздер деп бөлетін жаппай конкуренция идеологиясы арасында өмір сүреді. Міне, осындай жағдайда ол анда-санда нан алуға кіретін азық-түлік дүкенін тонап алуды ойластырады.

Режиссер: Дарежан Омирбаев
Сценарий: Дарежан Омирбаев
Продюсер: Лимара Жексембаева
Оператор: Борис Трошев
Композитор: Бауыржан Куанышев
Рөлдерде: Нұрлан Байтасов, Майя Серикбаева, Едіге Болысбаев, Бақытжан Тұрдалиева, Аружан Саин, Амангелді Айталы, Асель Сағатова, Дәрежан Өмірбаев.