Адам өміріндегі маңызды сезім – ол махаббат. Біреуге бақыт сыйласа, енді біреудің басына қайғы үйіреді, біреуді үміттендіріп күттірсе, енді біреуге ешқашан оралмайды. Міне, біздің кейіпкерлеріміздің тағдырын әлекке салатын уақиға осындай. 

Бұл уақиға 1992 жылдан бастау алады. Қалихан – ауданның өте беделді, бай адамы, оның әйелі Шолпан туыттан қайтыс болады, аман қалған қыздары Жұлдыз. Оны емізіп, сүт анасы атанған Шәрипаның да күйеуі қайтыс болған. Ол Шолпанды құтқара алмай қалған дәрігер еді. Оның қалай қаза болғаны белгісіз. Қыздары Әсия, Жұлдызбен жасты. Шәрипа мен Әсия енді Қалиханның үйінде тұрады, оларды Қалиханның анасы Зейнеп, көмекшісі Жаназар отбасымен жылы қабылдаған. 

20-жыл өткеннен соң, Жұлдыз бен Әсия университет түлектері. Әсия – педогогика факультетінде грантта оқиды, ал Жұлдыз – журналистиканы таңдаған. Бірі үмітсіз басталған махаббатына қол жеткізіп тұрмысқа шықса, енді бірі үлкен той алдында қайғыға душар болады. Қайғы мен қуанышқа толы шытырман оқиғаның соңында, жауапсыз қалған Әсиянің әкесінің өлімі, Шолпанның өліміне кімнің себепші болғаны, Жұлдыз бен Әсиянің жеке бастарындағы, өз махаббаттарының құпиясы да ашылмақ.