Фильм қиял-ғажайып ертегі жанрында түсірілген. Ғажайып күші бар көне семсерді тауып алған мектеп оқушысы Айтуар туралы баяндалады. Семсерін іздеген Арыстан батыр уақыт пен кеңістікті көктей өтіп, қазіргі заманға тап келеді. Сонымен қатар, жоңғар әскерлері де сол семсердің күшімен ақырғы шайқаста жеңіске жету үшін қылышты іздейді. Арыстан батыр мен Айтуардың кездескен сәтінен бастап шытырман оқиғалар өрби жөнеледі. Фильм идеясы жас өскін ұрпақты Отанды сүюге, өз халқының тарихын білуге және қастерлеуге шақырады...
 
Режиссер: Әсия Сүлеева, Ануар Райбаев
Сценарий авторлары: Әсия Сүлеева, Ануар Райбаев
Оператор: Болат Сүлеев
Композитор: Әліби Мамбетов
Рөлдерде: Ержан Нұрымбет, Дінмұхаммед Садыбеков, Азиз Бейшеналиев, Болат Қалымбетов, Дариға Кушекбаева, Жайдарбек Кунгужинов