Төрт сериядан тұратын телесериал Александр Бектің «Волоколамское шоссе» кітабының бірінші бөлімі негізінде түсірілген. Жобаны Sataifilm компаниясы «Хабар» агенттігінің тапсырысымен іске асырды. Телехикаяның режиссері – «Жаужурек мың бала», «Рэкетир», «Ликвидатор» фильмдері арқылы таныс Ақан Сатаев.

Телехикаяда батальон командирі ретінде ұрысқа қосылған Бауыржан Момышұлының алғашқы шайқасы, оның майдандас достарының екіұдай көңіл-күйі, өзіне де, өзгеге де талапшыл командирдің жаужүрек мінезі шынайы көрсетіледі.