Басты кейіпкер – сыпайы, мейірімді және аздаған оғаштау қылықты  қыз – Айсұлу. Қылығының оғаштау болатын себебі, оның адамдармен  арадағы  қарым-қатынас жасаудағы тәжірибесі ауыз толтырып айтарлықтай болмаған. Оның ата-анасы журналистік қызмет атқарған себепті, үнемі іссапарларда жүретін. Олардың іс-сапарлары кезінде, қыз баланың тәлім-тәрбиесімен әжесі айналысатын еді, Айсұлу қазір де сол әжесінің қолында тұрады. Униветситетін бітіре салысымен, ол телеканалға барып жұмысқа тұрады. Өзі армандаған журналистік емес, режиссердің көмекшісі қызметіне қабылданған Айсұлу, шынайылықпен бетпе-бет келгенде, өзінің телетуындылар жөнінде  ештеңе де білмейтінін бірақ түсінеді.

Көптеген қиындықтар мен кедергілерден өте келе, ол өзіне осының бәрі ұнайтынын, армандаған жұмысының нақ осы екенін түсінеді. Қыз бала осыны түсінген  сәттен бастап, жеке тұлға ретінде ашыла бастайды. Соның арқасында бәрінің де оған деген көзқарастары өзгереді. Айсұлуда, болашақта өсуіне септігін тигізер достары да пайда бола бастайды.