Бұл телехикая көпшілікке белгілі «Ғашық жүрек» және «Ғашық жүрек-2» фильмдерінің желісі бойынша түсірілген. Телехикаяда балалар үйінде тәрбиеленген кішкентай дарынды қыздың өмірі суреттеледі. Жоғарыда айтылған қос фильмді көрген  кейіпкер балалар үйінің тәрбиеленушісі бола тұра үлкен сахнаға шығуға болатынын түсінеді.

Кішкентайынан өмірдің көлеңке тұстарын көп көрген жетім балдырған үшін нағыз күрес басталады. Ол өзінің талантты екенін жақсы біледі. Сондықтан да кинодағы кейіпкердің тағдырын қайталағысы келеді. Оның бар арманы - киелі сахнада ән айту. Арманына жету үшін кішкентай қызға туа біткен дарынымен қатар, мінезін де ұштауға тура келеді.  

Режиссер: Асқар Ұзабаев
Рөлдерде: Баян Есентаева, Берік Айтжанов, Жанаргүл Нұғыманова, Салтанат Қалиева, Ақерке Сүлейменова, Жанат Тінбаев, Дәулет Əріпов, Самат Андреев, Айдана Меденова, Кәмшат Жолдыбаева, Аида Смағұлова, Асан Қырқабақов, Залина Отарбаева, Жанель Аликова, Гүлжан Қалыбаева
Өндіруші ел: Қазақстан
Шыққан жылы: 2012