Белгілі америкалық жазушы Эрнест Хемингуейдің «Шал мен теңіз» атты шығармасының негізінде, экшн жанрында түсірілген.

Жалғыз ұлы өмірден озған соң, Қасым қарт артта қалған тұяғы, немересі Ералыны интернатқа оқуға береді. Ералы болса, атасының бұл қылығына наразылық танытып, оған кетік мінездерін көрсетеді. Үш адамнан құралған отбасы жапан далада қарапайым ғұмыр кешеді. Қарабайыр тіршілікті қаладан аңшылыққа шығу мақсатымен келген үш жолаушы бұзады.

Жігіттер шалмен тілдесіп, қасқыр атуды жоспарлағандарын айтып, жол сілтеп жіберуін сұрайды. Алайда, қария қасқырлардың бөлтіріктеп жатқандығын ескертіп, аңға шықпағаны дұрыс боларын айтады. Қаладан келген жігіттер ақсақал сөзін елемей, аң аулауға кетеді. Ертесі күні Қасым қарт өз қойы мен көрші қойын қыстауға айдап кетеді. Боран астында қалған ол адасып кетеді. Осы кезде қасқырлар алдынан шығып, қойға шабады. 

Қазақ даласында түсірілген фильмде адам баласының қайраттылығы мен өжеттілігі, жігері мен табандылығы көрсетіледі.

Режиссері: Ермек Тұрсынов
Cценарий авторы: Ермек Тұрсынов
Қоюшы-оператор: Мұрат Әлиев
Композиторы: Куат Шілдебаев
Дыбыс режиссері: Сергей Лобанов
Продюсері: Александр Вовнянко
Рөлдерде: Ерболат Тоғызақов, Орынбек Молдахан, Исбек Әбілмажинов, Оңдасын Бесікбасов, Ержан Бесікбасов, Ержан Нүсіпақынов, Олег Полторацких, Диана Мукушева, Аман Малдыбаев, Игорь Горшков.