Біздің сүйікті дәрігер

Біздің сүйікті дәрігер

Қазақстанның шипажайларының бірінде дәрігер Лавров қызмет етеді. Ақ халатты абзал жаннан ем қабылдаған кез келген азамат оның адамгершілігі мен өз ісінің шебері екенін мәңгілік жадында сақтайды.

Дәрігер Лавровтың алпыс жылдық мерейтойының қарсаңында мәдениет қызметкері Бибігүл мен шипажай басшысының хатшысы Ксения Павловна концерттік кеш ұйымдастыруға дайындалады. Бірақ, шипажай басшысы Филькин кешті ұйымдастыру үшін кететін шығынмен келіспей, қаражат беруден бас тартады. Сонда Бибігүл жанына шипажайға демалуға келген суретші Мұрат пен оның әнші досы Тәкенді ертіп, әншілерді кешке қатысуға шақырады. Алайда, әншілер дәл сол кеште басқа жаққа барулары керектігін айтып, шақыруды қабылдамайды. Амалдары таусылған Бибігүл, Тәкен және Мұрат шипажайға келгенде, шақырған қонақтарын көріп, аң-таң болады. Барлық өнерпаздар қандай кешке баратындарын айтпаған соң, ұйымдастырушылар мен кеш қонақтары бір-бірлерін дұрыс түсінбеген екен.

Сценарист және әндердің сөзін жазған: Яков Зискинд
Режиссер: А. Я. Карпов
Бас оператор: М. И. Беркович
Суретші: Ю. Вайншток
Композитор: Александр Зацепин
Дауыс операторы: Л. Додонова
Рөлдерде: Юрий Померанцев, Роза Исмаилова, Евгений Диордиев, Ермек Серкебаев, Мулюк Суртубаев, Валентина Старжинская, Танат Жайлибеков.

Соңғы бағдарламалар

No results found.