Автокөлік жолынан бірнеше метр қашықтықта қазақ даласының кішкене жерінде тұқым қуалаған шаман - бақсы Айдай өмір сүреді. Ол ұрланған малды табуға, жоғалған күйеулерін табуға көмектесіп, маскүнемдікті де емдейді.

Алайда Айдай мен ол көмектесіп жүрген адамдардың тұратын жеріне бай іскер адамның көзі түседі, соның өзінде бақсы не болса да өз жерінен кетуге бет бұрмайды.

Бұл ата-бабаның қасиетті жері. Тек осы жерде ғана ол емін жүргізе алады. Сұмырайлар оны күштеп үйінен қуып жібермекші болғанда Айдай оларды қарғай бастайды. Бақсыға көмекке өзі жүксіздіктен емдеген бір әйелдің күйеуі Батыр келеді. Екі жақ арасында үлкен дау пайда болып, енді тіпті қан-төгіске ұласуға да айналмақ...

Режиссері: Гульшад Омарова
Сценарий авторы: Сергей Бодров
Операторы: Рафик Галлеев
Композиторы: Зиг
Продюсерлері: Сергей Сельянов, Сергей Азимов, Анара Қашағанова, Сергей Бодров, Наташа Девийер, Мәлік Есенбаев, Алмат Ахметов, Сәуле Кағарова
Рөлдерде: Фархат Аманқұлов, Несіпкүл Омарбекова, Әсел Абутова, Нұрлан Әлімжанов, Алмат Аянов, Төлепберген Байсақалов, Олжас Нүсіппаев.