Бұл Қазақстан тарихының маңызды беттерінің бірінен орын алған, орал қорғанысының қаһарман күндері жайлы - фильм. Ол ерлік пен күреске толы қатал күндер еді. Майданның осы тұсында бірігуді мақсат еткен Колчак пен Деникин әскерінің тегеурінін, оралдықтар 70 күн бойына тежеп тұрды. Қоршауда қалған қала ішінде контрреволюциялық астыртын әрекет туындай бастады.

Зорлық-зомбылықтың заңдылығы жөнінде ақтар армиясының генерал-мойоры мен прапорщигі, әкелі-балалы Тучновтар арасындағы туындаған талас, фильм сюжетінің желісі болып табылады. «Сенің қалауың, бәрін арсыздардың табанына салу ма?»-деп, сұрайды әкесі баласынан. Әскери ар-ожданнан аттап кете алмаған ол, берген сертінен тайған ұлын, сотқа береді.

Фильм тарихи-революциялық тақырыбына қарамастан, ширек ғасыр бойы сөреде жатты, тек режиссердің 80 жылдығына орай 2002 жылы Қазақстан телеарналарында көрсетіле бастады.