Бір ауылда өскен Кумка, Шегебек және Нұржан аттты үш дос біраз уақыт өткен соң, қалада кездеседі. Әке-шешесі қолқалап қоймаған соң, сүр бойдақ  Кумка үйленуге бел буады. Бойдақтық өмірімен қоштасқысы келсе де, олай жасай алмайды. Өйткені Кумканың «Мен саған тұрмысқа шығам», - деп дайын отырған қалыңдығы жоқ-ты. Бар мәселе осында еді... Ондай қалыңдық болмағанымен, «қыз дайын болса, біз дайын» деп досының шашбауын көтеріп жүретін Шегебек пен  Нұржан атты жолдастары бар.  

Олар бірлесіп жүріп, түнгі клубтан қыз іздейді де, "алдымыздан кездескен бірінші қыз Кумканың қалыңдығы болады" деп шешеді. Сөйтеді де, әбден қыз ұрлауға машықтанып қалған «ұрлықшылар» «қыз алып қашу операциясына» кіріседі. Алматы-Шымкент тас жолында темір тұлпар зымырап барады. Ішінде үш дос және Самал есімді қалыңдық. Қалыңдық қыз көнбей келеді. Жанында күйеусымақ болып Кумка отыр. Шарасыз ғой, қайтсін?.. Жалтырағын таз басына бірде болашақ жарының туфлиі «тоқ» етіп тиеді, бірде сөмкесі тиеді. Болашақ келіннің әкесі бір дөкей болып шығады да, «ұрлықшылардың» артына түседі. Оқиға солай өрби береді.

Қазақ кино саласындағы комедия жанрына ауыз толтырып айтралықтай пайдасын алып келген бұл фильм қазақ киносының қоржынын томпайтты. Режиссерлік бағытта тізгін алған жастар  өнер жолында мүдірмесін тағы да бір дәлелдеді. 

Режиссер: Жасұлан Пошанов
Сценарий авторы: Жасұлан Пошанов
Композитор: Ерболат Құдайбергенов
Рөлдерде: Камшат Мырзатаева , Дидар Оспанов , Саттар Ерубаев, Асхат Урпеков.