Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. 

Бұл осы ХІХ ғасырдың ұлы ағартушысы Шоқан Уәлиханов туралы фильм. Ғалым-этнограф, әрі атақты саяхатшыға Петербург ғалымдары назар аударады. Қазақ ғалымы өз ұлтының қамын көздейді.

Режиссері: Мәжит Бегалин
Басты рөлдерде: Нұрмұхан Жантөрин, Қалыбек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков.