Мәншүк туралы дастан

А.С. Михалков-Кончаловскийдің сценарийі бойынша түсірілген Кеңес Одағының батыры Мәншүк Маметова туралы фильм. Маметова Маншук (Мансия) Жиенгалиевна (23 қазан 1922 — 15 қазан 1943) — Калинин майданының 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 3-ші соққы беретін армиясының пулеметшісі, аға сержант. Ерлігі, батырлығы үшін Кеңес одағының батыры атағына ие болған алғашқы әйел. 1942 жылдан Қызыл Армия құрамында қызмет етті. Фашистік танкілермен бетпе-бет келген Мәншүк пен жолдастарының абыройлы өлімі көрсетіледі. Мәншүктің рөлін танымал актриса Наталья Орынбасарова сомдайды. 

Фильм 1970 жылы Кеңес армиясының саяси басқармасының бас жүлдесімен марапатталды. Ал 1972 жылы А.П.Довженко атындағы күміс медальмен фильмнің режисері  Мәжит Бегалин мен актриса Наталья Орынбасарова марапатталды. 

Режиссері: Мажит Бегалин
Сценарий авторы: Андрей Михалков-Кончаловский
Операторы: Әбілтай Қастеев
Рөлдерде: Наталия Аринбасарова, Никита Михалков, Иван Рыжов, Виктор Авдюшко, Нұржұман Ихтымбаев, Юрий Саранцев, Фарида Шаріпова, Каукен Кенжетаев, Олеся Иванова, Иван Дмитриев.