Вонг ханымның құпиясы

Заманауи пираттардың патшайымы есептелетін Вонг ханымға арнап түсірілген шытырман оқиғалы киноға кеңестік кезеңнің танымал боксері, Олимпиада жеңімпазы Серік Қонақбаев қатысады. Үндістан теңізіндегі Сидней-Ганконг бағыты бойынша жүргізілетін турды үйымдастыру үшін шетелдік туристтік фирма «Иван Бунин» совет теплоходын жалға алады. Теплоход  жолаушыларының ішінде жандайшаптарымен бірге ұстатпайтын Вонг ханым да болады.

Бұл фильм бес жылдық үзілістен кейін шыққан «ХХ ғасыр пираттары» бейнефильмінің жалғасы іспеттес. Режиссер Степан Пучинян және сценарист Станислав Говорухин алдыңғы фильмнің табысын қайталағысы келген болу керек, сол себепті осы тақырыпты қайта алған. Басты рөлдерде: Ирина Мирошниченко, Александр Абдулов және Армен Джигарханян.  

«Kazakh TV» арнасынан 28 сәуір күні сағат 19:00-де қараңыздар!