Астананың туған күнiне орайластырып түсiрiлген бұл сериал әлемдiк стандартқа сай келедi. Бұл Қазақстандағы жаңа технология мен техниканы пайдаланып түсiрiлген алғашқы сериал. 

Фильм оқиғасы Елордамыз — Астанада өтедi. Бұл сериалда дамып келе жатқан бас қаланың тұрғындарының өмiрi көрсетiледi. Махаббат сезiмi жайында. Нақтырақ айтар болсақ, бала кездерiнде атастырылып, тағдырдың жазуымен өскенде қайта қосылған ғашықтардың баяны. Фильмнiң жанры — мелодрама. Жалпы он екi сериядан тұрады. Астана туралы болғандықтан сериал Елордада, ал қалған түсiрiлiмi Алматы мен Стамбұлда түсiрiлген.