Cәби жүрек

Cәби жүрек

Жеті жасар Шыңғыс анасын іздеп таппақ оймен балалар үйінен қашып кетеді. Бұл фильмнің қысқаша мазмұны. Фильм, драматург Нұрлан Санжардың әсерге толы жүрек қылын шертер повесінің сарыны бойынша түсірілген. Ол өзі де балалық шағында «Менің атым Қожа» фильмінің басты рөлін сомдаған. Қоюшы режиссерлер – Рымбек Әлпиев және Эля Гильман. Басты рөлді ойнаушы, мың баланың ішінен таңдалды. Ол іріктеудің соңында келген. Жеті жасар Темірлан Жанботаевті бірден басты рөлге бекітті. Фильм оқиғасы 90-шы жылдарда өрбиді. Сол кезеңдегі Одақтың ыдырауы, көптеген адамдарға қайғы әкелді.

Телехикая драматургиясында детектив, әлеуметтік мелодрама, шытырман оқиғалар желісі іскерлікпен үйлесім тапқан. Көкейтесті арманына жету жолында Шыңғыс бүкіл елді дерлік аралап шығады және оның жолында кездескен әр адам – жеке тағдыр, дара өмір хикаясы. «Бұл көрініс ресейлік немесе латынамерикалық телехикаялар желісін қайталамайды және бір жолғы ғана коммерциялық табысқа есептелмеген. Түпкі ой мүлдем басқада болған. Ол өзіміздің әсерлі де жақсы сарындағы киномызды түсіру еді. Және түсіру тобы жақсы көргендіктен «кішкене азамат» атап кеткен Темірлан Жанботаев та көптген жерлерде көмегін тигізді» - дейді, ой бөліскен шығармашыл топ.

Соңғы бағдарламалар

No results found.