Мұстафа Шоқай

Мұстафа Шоқай

Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм” киностудиясы түсірген бұл туынды Орталық Азия тарихындағы ең даулы тұлғаның өміріне арналған. Фильм Шоқайдың әйелі Мария Горинаның естеліктері негізінде құрылған. Фильмде қайраткердің жары Марияның Мұстафамен өткен өмірі, патша генералы Еникеевтің кешінде олардың қалай танысқаны, 1941 жылы қыркүйек айында оның Мұстафаны ең соңғы рет көрген сәттері суреттелген. 

26 жасында патшалық Ресейдің Мемлекеттік думасында мұсылман фракциясының жетекшісі болған Мұстафа Шоқайдың Түркістан ұлт-азаттық қозғалысындағы ролі әр кезеңде түрліше бағаланып келді. Совет дәуірінде ол "сатқын", "фашисттік құйыршық" және "ұлтшыл" деп сипатталды. Ал бүгінгі Қазақстанда Мұстафа Шоқай өз ұлтының патриоты және алғашқы құқық қорғаушылардың бірі деп бағаланады.

Режиссер: Сатыбалды Нарымбетов
Рөлдерде: Азиз Бейшеналиев, Карина Абдуллина, Наталья Аринбасарова, Игорь Гузун, Мухаммадисо (Исо) Абдулхаиров, Токтарбек Камшыбай, Сергей Уфимцев, Дмитрий Скирта, Иржи Конечны, Милош Конечны, Вацлав Легнер, Антон Мясников, Лия Нэльская, Алексей Шемес, Бахытжан Альпеисов, Сергей Погосян, Ирина Капустина, Григорий Ефимов (Эпштейн), Владимир Крылов (IV), Игорь Горшков

Фильмді біздің арнадан 20 желтоқсан 18:40 және 21 желтоқсан 01:05-те қараңыздар. 

Соңғы бағдарламалар

No results found.