Көгершіндер

Көгершіндер

Борис Ряховскидің «Архитектор Найденовтің балдәурен шағы» атты повесі экрандалды. Бұл лента 1986 жылы өткен Венециялық кинофестивальда әділқазылардың Ерекше бәйгесін жеңіп алды.

Фильмдегі әрекеттер, Батыс Қазақстандағы кішігірім қалада,1946 жылдан өріс алады. Жеткіншек Иван өз өміріне қауіп төндіре тұрса да, қалада күтпеген жерден пайда болған ақ көгершінді ұстап алады. Оның олжасы жайлы басқа көгершін ұстаушылар хабардар болып, құстың соңынан аңдушылар түседі. Фильмнің оқиғасы еркіксіз көшіп келген және жер аударылған қала тұрғындарының соғыстан соңғы жылдардағы жұтаң тұрмысы аясында өрбиді.

Жанр: драма
Режиссер: Сергей Соловьев
Рөлдерде: Вячеслав Илющенко, Любомирас Лауцявичюс, Сұлтан Бапов, Владимир Стеклов, Александр Баширов

 

Соңғы бағдарламалар

No results found.