Біржан Сал

Біржан Сал

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Біржан сал» атты жаңа туындыны көрерменге таныстырды. Фильмге қазақтың әйгілі әншісі, ақын һәм сазгер Біржан Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы арқау болған.

Фильмнің алғашқы кадрларынан бастап-ақ қазақтың кең байтақ даласының әсемдігі, сал-серілердің еркіндігі суреттеліп, жан-дүниеңізді әдемі әуен кернейді.

Картина тәкәппарлық пен мойынсұну, абыройлылық пен кемсітушілік, ар-ұят пен арсыздық арасындағы күрес жайында. Сонымен қатар фильмде Біржанның соңғы махаббаты мен жалғыздық жайында баяндалады.

Фильм Біржан салдың кіндік қаны тамған жері – Көкшетау өңірінде түсірілді. Түсіруші топ көкорай жазық алқапта бірнеше ауылдар қондырып, жергілікті тұрғындар түсіру жұмыстарына белсене қатысқандығын айтып отыр.

Рөлдерде: Досхан Жолжақсынов, Саят Мерекенов, Аша Матай, Кәмшат Жолдыбаева, Гүлшат Тутова, Дулыға Ақмолда, Сәбит Оразбаев, Хабиба Елебекова.
Режиссерлері: Рымбек Әлпиев, Досхан Жолжақсынов
Сценарий авторлары: Таласбек Әсемқұлов, Дамир Манабай
Операторы: Рифкат Ибрагимов
Композиторы: Толеген Мухамеджанов

Соңғы бағдарламалар

No results found.