Менің күнәлі періштем

Менің күнәлі періштем

Фильм бақытқа жету жолындағы небір сергелдеңге  салған  махаббат хикаясы туралы. Дарынды жас әнші Айша Аброеваның аңсаған арманы – Франция сахнасында ән шырқап, Парижды бағындыру. Айшаның арманына қол жеткізуіне оның жебеушісі, аса ауқатты банкир Асхат Бабайұлы қолдау көрсетеді. Дәл осы шешуші мезетте, яғни, Парижге шақыру қағазы келіп, аңсаған арманы қол созым жерде тұрған сәтте, тағдыр оған басқа бақытты бұйырады. Ол – өмірде бір-ақ мәрте келетін шынайы, мөлдір сезім еді...
 
Фильмнің таныстырылымы барысында Талғат Теменов түсіру тобымен бірге сахнаға шығып картинаны киносүйер қауымына таныстырды. «Не себепті күнәлі періште» деп жиі сұрайды. Адам ата мен Хауа ана жұмақ бағында пайда болғандарында періште болды емес пе. Махаббат үшін олар күнәлі болды. Бұл өзгермейтін және баршамызға үлгі болатындай оқиға», - деді фильмнің режиссері Талғат Теменов. Естеріңізге сала кетейік, фильмдегі басты рөлдің бірін  белгілі француз актері Жерар Депардье сомдаған. Онымен қатар фильмдегі басты рөлдерде -Данияр Қанатқалиев, Құралай Анарбекова,  Мұрат Ахманов ойнайды. 
 
Режиссері: Талгат Теменов
Рөлдерде: Жерар Депардье, Талгат Теменов, Куралай Анарбекова, Данияр Канатгалиев, Мурат Ахманов,Асылболат Исмагулов, Аша Матай

Соңғы бағдарламалар

No results found.