Фильмнің сюжеттік желісіне арқау болған халықтың әдеби «Қыз Жібек» аңызы қазақ халқының 16-17 ғасырда әр бір орда басшыларының өзара қақтығыстары орын алған кезеңді бейнелейді. Аңыз бойынша жауласқан екі әулеттен шыққан қыз бен жігіттің сүйіспеншілігі мен махаббаты мен қатар, фильмде ұлт біріктілігі мен берекесін аңсаған қарапайым көшпелі қазақтың тұрмысы мен болмысы айқын көрініс тапқан.

1970 жылы Сұлтан Ходжиков түсірген фильм Қазақ ССР-нің Мемлекеттің сыйлығын иеленді. Сонымен қатар, сценарий авторы Ғабит Мүсірепов, кинорежиссер Сұлтан Ходжиков, басты рөлді сомдаушылар Асанәлі Әшімов, Құман Тастамбеков, Меруерт Өтекешова сынды өнер майталмандары да Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. 1972 жылы Тбилиси қаласындағы (Грузия) V БКФ-де фильм көркемдік безендірілуі жағынан ең үздік болып танылып, диплом мен сыйлықты жеңіп алды. Сонымен қатар, актер Кенебай Қожабек пен режиссер Сұлтан Ходжиков та дипломды қанжығасына байлады.

Сценарий: Ғабит  Мүсірепов
Режиссер: Сұлтан Қожықов
Рольдерде: Меруерт Өтекешева, Құман Тастанбеков, Асанәлі Әшімов, Әнуар Молдабеков, Кененбай Қожабеков, Гулфайрус  Ысмайылова, Фарида Шәріпова, Ыдырыс Ноғайбаев, Каукен Кенжетаев, Сәбира Майқанова.