Түнгі әуен

Мектеп кезінен дос болып келе жатқан Айша, Эдик және Соня есімді үш дос қазіргі күнге дейін, жастары отыздан аса да араларындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалтқан емес. Эдик мектеп кезінен Айшаға ғашық, өзінің сезімдерінің жалған еместігін сездіріп, екеуі азаматтық некеге тұрады. Айша – танымал скрипкашы, Эдик – табысты бизнесмен, ал Соня болса  - режиссерлер құмарта сатып алатын сценарилердің авторы.

Күнделікті өмір тыныштығы Айша нарколог дәрігер Болатқа кездескен күні аяқталады. Тек Болатпен кездескеннен кейін Айша шынайы сезімдерді басынан кешіргендей болады. Болат үшін Айша - жәй ғана тартымды ойыншық. Өз-өзіне сенімді, орнығып, қалыптасқан жігіт үшін махаббат буына тұншыққан қыз жолындағы тосқауыл, ауыр жүк секілді. Білімі мен қулығының арқасында Болат Айшаның көңілін суытқызбай, қызды арбап, махаббат отына күйдіреді. Сүйіктісінен айырылып калатынына көзі жеткен Эдик қалай болса да Айшадан айырылып қалмауға бел байлап, қимылдауға кіріседі. Ол Болатқа Айшаны тастап кетіп орнына оған емхана алып беретіндігін айтады. Болат келісімін береді.  

Режиссер: Айхан Чатаев
Сценарий авторлары: Айхан Чатаев, Римма Бектұрғанова
Оператор: Мұрат Алиев
Суретші: Еркен Құдаров
Композитор: Қазбек Спанов, Нұртай Іргеқұлов
Бас продюсер: Анар Қашағанова, Болат Ғалымгереев.
Атқарушы продюсер: Нина Ашканова
Рөлдерде: Аида Аюпова, Болат Ғалымгереев, Захрат Шегабутдинов, Эдуард Табишев және т.б.
 
Шыққан жылы: 2005
Өндіруші ел: Қазақстан
Ұзақтығы: 75 мин.
Тілі: орыс