Central Asian Civilizations

Central Asian Civilizations

Орталық Азияның сан ғасырлық тарихын зерделеп, зерттеген сайын оның әлемдік мәдениет тарихына қосқан үлесі айқындала түседі. Орта ғасырдағы осы аймақтан шыққан ғалымдардың, жазушылардың, суретшілердің, сәулетшілердің  шығармашылық туындылары көне заманан келе жатқан мәдениеттің іргетасы, негізі болып қаланды.

Осы орайда көрермендер назарына «Central Asian Civilizations»деректі сериалды ұсынамыз. Орталық  Азияның дамуындағы сан мыңдаған тарихи оқиғалардың жік-жаппарын сарапшылар, ғалымдар тарқатып айтып береді.  Компьютерлық  графика көшпенділердің тұрмысын, әскери киімдерін, жаугершілік кезіндегі әрекетін көз алдыңызға анық елестетуге мүмкіндік береді. Каскадерлердің қатысуы, киімдері мен қару-жарақтары сол кезеңдердегі  көшпенділердің  өмірінен хабар береді.