«Шығармашылық сиқыры» -  халықаралық қоғамдастыққа Қазақстанды жоғары дәрежеде көрсететін, халық тарапынан оң бағасын алған, өнер мен ғылым  салаларының жетістігін паш ететін жобалар жөнінде баяндайды. Деректі цикл арқылы көрермен талантты тұлғалар мен шығармашылық ұжымдармен, театр режиссерлері, фотосуретшілер, кинорежиссерлер,  дизайнерлермен таныса алады. Олардың әрқайсысы өз ісінің кәсіби шебері, білікті маманы. Жоба кейіпкерлері әркез ізденісте жүретін тұлғалар. Қызықты жобаны қолға алған олар, жеке және кәсіби тәжірибелерінің  қызықты сәттерімен бөлісіп, өз шешімдері, еңбегі мен уайымы туралы тарқатып айтып беруге дайын. 

Бүгінгі бағдарламада:

Экспедиция +362;
Саяхатқа деген құштарлық-адам өміріндегі бетбұрыс;
Бұлыойық үңгіріне жету жолындағы хикаялар;
Қарақабақ шатқалына экстрималды жорық.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер

Соңғы бағдарламалар